Саясат

Назарбаев Рахмонмен алдағы кездесулер кестесін талқылады

Екі ел басшылары телефон арқылы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.