АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.