Өңірлер

Теміртауда тұрғын үйде "бомба" барын хабарлаған адам ұсталды

Терроризм туралы әдейі жалған ақпарат берген ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Теміртауда терроризм туралы жалған хабар берген 58 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Астана вокзалын "миналаған" ер адам ұсталды

Полиция мәліметінше, ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні "112" қызметіне белгісіз біреу хабарласып, жетінші шағын аудандағы №31 үйде жарылғыш құрылғы қойылғанын айтқан. Оқиға орнына жедел қызметтер аттанып, 17  тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. ІІД қызметкерлері үйді тінтіп шыққанымен, бомба табылмаған.

"Іздеу шаралары барысында 58 жастағы мас қала тұрығын ұсталды. Күдіктінің қолында жедел қызметке қоңырау шалған ұялы телефоны болған", — деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.