Оқиға

Астанада медресе өртенді

Дәнекерлеу жұмысы кезінде жіберілген ағаттық Әбіш ата Назарбай мешітінің жанында салынып жатқан медресе күмбезінің өртенуіне әкеп соққан
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Астанада "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданында салынып жатқан діни мектеп өртенді, деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.

Астанада қысқатолқынды пеш тұтанып, ірі өртке ұласты

Оқиға жексенбі күні 18 ақпанда сағат 15.35 кезінде Қарқабат көшесінде болған.

Оқиға орнына 15.41-де жеткен өрт сөндірушілер анықтағандай, салынып жатқан медресе күмбезін қаптайтын жылытқыш материал өртенген екен. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады, өрт  16.03-те сөндірілген. 

Өртті сөндіруге 10 адам мен екі көлік қатысты.

Зардап шеккендер жоқ.