Оқиға

Астанада медресе өртенді

© Photo : ДЧС АстаныАстанада салынып жатқан медресе өртенді
Астанада салынып жатқан медресе өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Дәнекерлеу жұмысы кезінде жіберілген ағаттық Әбіш ата Назарбай мешітінің жанында салынып жатқан медресе күмбезінің өртенуіне әкеп соққан

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Астанада "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданында салынып жатқан діни мектеп өртенді, деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.

Өрт сөндіргіш көліктер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада қысқатолқынды пеш тұтанып, ірі өртке ұласты

Оқиға жексенбі күні 18 ақпанда сағат 15.35 кезінде Қарқабат көшесінде болған.

Оқиға орнына 15.41-де жеткен өрт сөндірушілер анықтағандай, салынып жатқан медресе күмбезін қаптайтын жылытқыш материал өртенген екен. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады, өрт  16.03-те сөндірілген. 

Өртті сөндіруге 10 адам мен екі көлік қатысты.

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0