Әлем

СІМ: Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

Бүгін Иранда 66 адам отырған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Иранда құлаған жолаушылар ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Иранда 66 адам мінген ұшақ құлады
"Иранда құлаған лайнерде Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда. Әзірге ондай мәлімет келіп түскен жоқ", — деді Жайнақов. 

Айта кетсек, Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Тегеран-Ясудж ішкі рейсін орындаған. Иран билігі әуе кемесінде 60 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болғанын хабарлады. 

Құлаған ұшақ ирандық Aseman Airlines компаниясына тиесілі.