АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Иранда құлаған жолаушылар ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
"Иранда құлаған лайнерде Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда. Әзірге ондай мәлімет келіп түскен жоқ", — деді Жайнақов.
Айта кетсек, Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Тегеран-Ясудж ішкі рейсін орындаған. Иран билігі әуе кемесінде 60 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болғанын хабарлады.
Құлаған ұшақ ирандық Aseman Airlines компаниясына тиесілі.