Қоғам

Жексенбіде ауа райы қандай болады?

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар жауады
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с. 

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.