АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлады Қазгидромет.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.