Өңірлер

Павлодарда Кутузов көшесіне Елбасының есімін беру ұсынылды

Көше атауын өзгерту туралы ұсыныс қала әкімдігіне бір жылдан бері айтылып келеді
Sputnik

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Павлодар облысы әкімінің есеп беруі кезінде қала тұрғындары атынан қоғамдық кеңестің төрағасы Александр Рюмкин сөз сөйлеп, орталық көшелердің біріне Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды pavon.kz.

Алматыда Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі

"Біздің қаламызды көркейту үшін көптеген жұмыс атқарылды. Көшелеріміз құлпырып кетті, әсіресе Кутузов көшесі. Бір жыл бұрын Азаров Евгений Григорьевич көшелердің атауын өзгертуді, оның ішінде Кутузов көшесінің атауын өзгертуді ұсынған. Бір жыл өтті. Бұл мәселе шешімін тапқан жоқ", — дейді Рюмкин.

"Павлодар қаласындағы көшелердің бірі тұңғыш президентіміздің есімімен аталуға лайық деп ойлаймын. Елбасымыз Қазақстан үшін, оның ішінде Павлодар облысы үшін ерен еңбек атқарды, мен осы лауазымда сонау қиын кезеңде болдым, оны жақсы білемін әрі жоғары бағалаймын", — деп атап өтті қоғамшыл.

Әкім Болат Бақауов бұл мәселенің былтыр да көтерілгенін еске алып, дегенмен көшелердің атауын өзгертуге билік өкілдері аса сақтықпен қарайтынын түсіндірді. Бірақ өңір басшысы бұл идеяны қолдайтынын жасырмады.