Қоғам

Екі авиациялық кәсіпорынның бұрынғы басшылары парақор деп танылды

Сот бұрынғы шенеуніктерді әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырды
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында "Қазавиақұтқару" АҚ және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК басшыларын мүлікті ысырап жасап, лауазымдарын асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Қарағанды облысында пара алып жатқан жерінде прокурорлар ұсталды

Сотталушылар —  "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры Мәлік Досымбеков пен " Қазавиаорманқорғау" РМҚК басшысы Төлеуғазы Сексенбаев. 

Сот Төлеуғазы Сексенбаевты үш жылға соттап, мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салды. Мәлік Досымбековке сот 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарып, ол да мемлекеттік қызметке өмір бойына тұра алмайтын болды.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматыда 13 шілдеде шетелдік компания басшысынан 50 мың доллар пара алып жатқан жерінде бас директорларды ұстаған болатын.

Параның жалпы сомасы 100 мың доллар екен.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.