АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры мен Приозерск гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Бүгін Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры Е.Б. Тұрысбеков және Әскери прокуратураның Приозерск гарнизонының аға прокуроры А.У. Раджаповтарды 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алу қылмысы үстінде ұстады. Қаражат қылмыстық істі тоқтату үшін С. деген азаматтан бопсаланған.", — деп жазылған хабарламада.
Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Баспасөз қызметі өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын хабарлады.