Өңірлер

Қарағанды облысында шашылып жатқан медициналық қалдықтар табылды

Жойылмаған медициналық қалдықтар жергілікті тұрғындардың үрейін туғызады
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысында шашылған медициналық қалдықтар қай мекемеге тиесілі екені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Астана.

Өскеменде медициналық қалдықтарды заңсыз өртеген

Бұған дейін жергілікті халық қолданылған шприц, ампулалар, бір реттік гинекологиялық айналардың жойылмай, шашылып жатқанын хабарлаған еді. Тұрғындар бұл жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге де салған болатын.

"Әзірге нақты қай мекеменің заң бұзғаны белгісіз. Қазіргі таңда құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесі белгілі болғанда, біз өзіміздің жоспардан тыс жұмысымызды бастаймыз", — дейді Қарағанды облысы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бөлім басшысы Ләззат Секербаева.

Мамандардың айтуынша, аймақта қолданылған медициналық құралдарды жоятын 3 ұйым бар. Олар қалдықтарды арнайы қораптарға салып, шағын зауыттарда санитарлық талаптарға сай жоюы тиіс. 

Ал заттарды шашып кету — түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін. Тұрғындар ауыл маңында осындай үш бірдей аумақ бар екенін айтады. Әрі бұл жерлерде мал жайылатын көрінеді. Жұрт дабыл қаққан соң, жергілікті полиция тексеруге кіріскен.