Әлем

Қадыров криптовалютаның қашан халал болатынын айтты

Шешенстан мемлекет басшысының айтуынша, криптовалютаның ел экономикасына қалай әсер ететінін анықтау керек
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Рамзан Қадыровтың пікірінше, криптовалюта халал ма, әлде харам ба – әлі анықталған жоқ.

Жапонияда криптовалюта биржасындағы есепшоттардан 527 млн доллар ұрланды

Шешенстан мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек, сандық валютаның экономикаға ықпалы әртүрлі болуы мүмкін. 

"Салах-Хаджи Межиев (Шешенстан мүфтиі) шақырған кеңестің пайымдауынша, осы күрделі мәселе бойынша бір қорытындыға келу үшін, әр елдің ерекшелігін ескеру керек. Криптовалюта саясатқа, экономика мен мемлекеттік қаржы ахуалына қауіп төндіретін болса, оны харам деп атауымыз қажет, деді Салах-Хаджи Межиев", — дейді Қадыров Telegram-арнасында.

Қадыровтың пікірінше, криптовалюта елге пайдасын тигізбейтін болса, қолданысқа жарамыз деп таныған жөн.

Рамзан Қадыров биткоин сатып алмақ болғанын, бірақ әлі үлгермегенін де жасырмады.