Әлем

Жапонияда криптовалюта биржасындағы есепшоттардан 527 млн доллар ұрланды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтукриптовалюта
криптовалюта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Криптовалюта ұрлығына тиісті қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Белгісіз біреулер Жапонияның Coincheck криптовалюта биржасы клиенттерінің есепшотынан 527 миллион долларды ұрлап кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Bitcoin - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Алматы тұрғыны 11 мың долларға "криптовалюта" сатқан

Жапонияда танымал NEM криптовалютасының ұрланғаны туралы хабардан кейін биржа сауда-саттықты тоқтатуға мәжбүр болды.

NEM Foundation басшысы Лон Вонг (Lon Wong) бұл "әлемдік тарихтағы ең ірі ұрлық" болғанын мәлімдеді.  

Белгілі болғандай, биржа басшылығы әзірлеушілердің ақшаны қорғаудың MultiSig технологиясын қолдану туралы ұсынысына мән бермеген. Бұған қоса, биржа басшылығы клиенттерінің есепшотын интернеттен оқшау компьютерде сақтамаған. Көптеген криптовалюта биржасы бүгінде бұл практиканы қолданады. 

27 жастағы биржа президенті Коитиро Вада желіге қосылмай басқару техникалық жағынан қиын екенін, ал мұны жасау үшін биржада адам жетпегенін айтты.

Жаңалықтар
0