Саясат

Елбасы Мәсімовпен бірге діни экстремизммен күрес мәселесін талқылады

Елбасы ҰҚК басшысына экстремизмге қарсы күрес пен оның алдын алуда шетелдік әріптестермен ынтымақтасудың маңыздылығын түсіндірді
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев министрге: мына жұмыстан шаршадың ба әлде?

Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.