Әлем

Мектептегі атыстан 17 адам қаза тапты

Адамдарға оқ жаудырды деген күдікпен бұрын осы мектепте оқыған оқушы ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан— Sputnik. Флориданың оңтүстігіндегі мектепте атыс болып, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы қайғылы оқиға болған Бровард округінің шерифі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мектептегі төбелес: 12 адам пышақ жарақатын алды

"17 адамның қаза тапқанын хабарлау маған өте ауыр", — деді Исраэл.

Оның айтуынша, 12 адам мектеп ғимаратында, үшеуі көшеде, тағы екеуі ауруханада көз жұмған. Зардап шеккен үш адам ауыр халде жатыр. 

Күдікті ретінде бұрын осы мектепте оқыған 1999 жылғы Николас Круз ұсталды. Ол тәртібі дұрыс болмаған соң, мектептен шығарылған екен. 

Қайғылы оқиғаға байланысты мектеп апта соңына дейін жабылды. 

Айта кетсек, мектепте 14 пен 18 жас аралығындағы үш мыңға жуық оқушы оқиды.