Өңірлер

Атырауда өз балаларын ұрған ер адам қамауға алынды

Ер адам балаларын балағаттап, соққыға жыққан
Sputnik

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Атырауда кәмелеттік жасқа толмаған балаларын ұрған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қаланың мамандандырылған әкімшілік соты хабарлаған.

Алматы облысының тұрғыны туған анасын аяусыз соққыға жықты

"Сот қаулысымен К. есімді азамат ӘҚБК 73-бабы 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылды (Денсаулыққа қасақана жеңіл-желпі зиян келтіру)", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғын балаларын балағаттап, соққыға жыққан екен. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар соққы салдарынан жеңіл-желпі жарақат алыпты.