Әлем

Венада үш жастағы ресейлік қызды ұрлап кетті - БАҚ

Бала ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ ұрлаушылардың мақсаты әлі белгісіз
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Венада Ресейден келген үш жастағы қызды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады РИА Новости ресейлік құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткен

Бала ұрлау туралы қылмыстық іс 8 ақпанда қозғалған. Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, үш жастағы қызды өткен жылы 28 желтоқсанда Венадағы  "Бьянка" қонақ үйінде ұрлап кетіпті.

"Бастапқы деректер бойынша, белгісіз біреулер өзара сыбайласып, 2014 жылы туған Ресей азаматы, кішкентай қызды ұрлап кеткен", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Бала ұрлаушылардың мақсаты әлі белгісіз, құқық қорғау органдары да ресми ақпаратпен бөліскен жоқ.