Қоғам

Алдағы күндері елімізде қар жауып, боран соғады

"Қазгидромет" РМК 13-15 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде кей жерлерде қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстікте көктайғақ болады. 

Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, алдағы күндері атмосфералық ағымдар Қазақстан аумағын кесіп өтеді. Соның әсерінен кей өңірлерде қар жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Республиканың солтүстік жартысында боран соғып, оңтүстік облыстарда көктайғақ болады деп болжануда. 

14-15 ақпанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.