АСТАНА, 11 ақпан— Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде кей жерлерде аздаған қар жауады. Басқа өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с сақталады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, бұрқасындатады, тұман түседі.
Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман болады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.