Өңірлер

Бүгін кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді

© Sputnikқыс
қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 11 ақпан— Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде кей жерлерде аздаған қар жауады. Басқа өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с сақталады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз  жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, бұрқасындатады, тұман түседі. 

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман болады. 

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.


Жаңалықтар
0