АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде аздаған қар түседі. Қазақстанның басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с, Қостанай облысында жаяу бұрқасын cоғады.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.