Қоғам

Бүгін еліміздің солтүстік-батысында қар жауады

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуҚатты бұрқасын, архивтегі фото
Қатты бұрқасын, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде аздаған қар түседі. Қазақстанның  басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде және таңертең  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. 

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді – 15-20 м/с,  Қостанай облысында жаяу бұрқасын cоғады. 

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Жаңалықтар
0