Спорт

Олимпиаданың ашылуында Қазақстанның туын "Алтын адам" алып жүрді

Қазақстандық делегация Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуында спортшылар шеруіне шықты
Sputnik

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik.  Пхенчхандағы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев Қазақстанның туын "Алтын адам" бейнесінде алып жүрді.

Галышева, Рейхерд және Колмаков Олимпиаданың финалына шықты
Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, ту ұстаушының костюмін жас қазақстандық дизайнерлер тіккен. Ол "аң" стилінде ою-өрнекпен безендірілген.  

Айта кетейік, Қазақстандық үш могулшы Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының финалына шықты.

Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7-орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады — 52.78 ұпай (26-орын).

Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3-орын) жинаса, Павелдің көрсеткіші – 79.98 ұпай (7-орын).

Қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды.