Саясат

Астанада Назарбаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Отырыста 2017 жылғы жұмыс қорытындысы мен биылға арналған жоспарлар талқыланады
Sputnik

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Депутат Қоңыров отын мәселесі туралы: бізге мұндай үкімет не үшін қажет?
Кеңейтілген отырыста 2017 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы мен осы жылға арналған жоспарлар талқыланады деп болжануда. 

Әдетте Елбасының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырыстарда министрлер президенттен сөз естіп, ескерту алып жатады. 

Жиын Үкімет үйі ғимаратында өтіп жатыр.