"Қазақстан кезекті отын тапшылығын, мұнай өнімдерінің тапшылығы мен олардың қымбаттауын басынан кешіріп отыр. Жылыту маусымы басталғалы бері көмір мен газдың да бағасы өсті. 100 миллион тонна көмір өндіретін елдің азаматтары өз үйлерін жылыту үшін көмірді қаппен, сөмкемен тасуға мәжбүр екені ұят нәрсе. Олар сөмкесіне мың теңге төлесе, бұл көмірдің тоннасына 25 —30 мың теңгені құрайды.
Қалыптасқан жағдайға қатысты азаматтардың көкейінде: "Егер үкімет мұндай жағдайдың болуына жол беретін болса, онда бізге мұндай үкімет не үшін қажет" — деген негізді сұрақ туындайды дедің Қоңыров.