Спорт

Галышева, Рейхерд және Колмаков Олимпиаданың финалына шықты

Қазақстандық үш могулшы Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының финалына шықты
Sputnik

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы  ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Министр Олимпиада ойындарында кімдерден медаль күтетінін айтты
Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7-орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады — 52.78 ұпай (26-орын).

Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3-орын) жинаса, Павелдің көрсеткіші – 79.98 ұпай (7-орын).

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды.