Спорт

Министр Олимпиада ойындарында кімдерден медаль күтетінін айтты

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қысқы Олимпиада ойындары 9 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында басталады

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы он күннен кейін басталатын қысқы Олимпиада ойындарына қандай спортшыларға үміт артатынын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Олимпиада - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Көз тимесін". Сағынтаев Олимпиадаға баратын спортшыларға сәттілік тіледі

"Спортшылар жеңістен дәмелі, жоғары нәтиже көрсетініне сенімдімін. Спортта не болатынын болжай алмайсың, ол сонымен де қызық. Егер бәрін алдын ала білетін болсақ, осыншалық қызығушылық тудырмас еді", — дейді министр үкімет отырысында. 

Мұхамедиұлы Кореяда өтетін Олимпиада кімнен медаль күтетінін айтты. 

"Бізде жақсы нәтиже көрсеткен бірқатар спортшы бар. Олар: Галышева, Полторанин, Рейхард, Денис Тен", — деді ведомство басшысы. 

Журналистер министрден спортшыларымызға жанкүйер болу үшін Кореяға баратын-бармайтыны сұрады. 

"Лауазымды тұлға ретінде Олимпиада ойындарының ашылуына қатысуға міндеттімін, бұл Халықаралық олимпиада комитетінің талабы. Бірақ мүмкіндікке қарай. Менен басқа қысқы ойындарға ұлттық олимпиада комитеті барады. Шенеуніктерден шамамен 5-6 адам баратын шығар", — деді ол.

Жаңалықтар
0