Әлем

Брэд Питт жол апатына ұшырады

Атақты актер АҚШ-та Tesla көлігімен алдында келе жатқан Nissan Altima-ны соққан
Sputnik

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Америкалық актер әрі продюсер Брэд Питт Лос-Анджелесте жол апатына ұшырады, деп жазды РИА Новости Daily Mail-ге сілтеме жасап. 

Екінші мүмкіндік: Брэд Питт пен Анджелина Джоли қайта қосылды
Актер Tesla көлігімен алдында келе жатқан Nissan Altima-ны соққан, ал ол өзінің алдындағы Kia Soul автокөлігіне соғылған. Питт автокөліктен түсіп, бүлінген көліктерді, жүргізушілердің құжаттарын телефонға суретке түсіріп алған. Зардап шеккен жүргізушілер де актердің құжаттарын смартфонға түсіріп алыпты.    

БАҚ-тың мәліметінше, жүргізушілер Питтің еркін әңгімелесуге тырысқанына қатты таңғалған.  

Жол апатын бүге-шігесіне дейін талқылағаннан кейін олар көліктеріне отырып, оқиға орнынан кеткен.