Әлем

Екінші мүмкіндік: Брэд Питт пен Анджелина Джоли қайта қосылды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуБред Питт пен Анджелина Джоли
Бред Питт пен Анджелина Джоли - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ең жарқын голливудтық жұптың алты баласы бар: үшеуі биологиялық тағы үшеуі асыранды

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Былтыр ажырасқан танымал голливудтық актерлер Брэд Питт пен Анджелина Джоли өз қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Hollywood Life сайты. 

"Брэд пен Анджела өздеріне назар аудартпай қатынастарын қайта жандандырды, өйткені балаларын ыңғайсыз жағдайға қалдырғылары келмейді. Олар үшін балаларының амандығы бәрінен маңызды", — деді ақпараттанған дереккөзі. 

Брэд Пит - Sputnik Қазақстан
Әлем
Балаларына қатыгездік танытқаны үшін Брэд Питке қарсы іс ашылуы мүмкін

"Брэдтың Анжделинаға әлі де ғашық екені, оның да оны сүйетіні айқын. Ол оның тырысуын көріп жүр. Брэд ішімдікті тастағалы бері, жақсы әке болды", — деді басылым дереккөзі. 

Оның сөзіне қарағанда соңғы апталарда жұп жиі кездесе бастаған. 

Питт пен Джоли алты баланың ата анасы – асырап алған  15 жасар Мэддокс, 13 жасар Пакс, 12 жасар Захара, сонымен қатар биологиялық қызы Шайло (он жасар) және егіздер Нокс пен Вивьеннің (сегіз жасар). 

 

Жаңалықтар
0