Оқиға

ОҚО-да жоғалып кеткен ауыл тұрғыны өз көлігінің жүксалғышынан табылды

ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik

АСТАНА, 7 ақпан— Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында өртеніп кеткен көліктің ішінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды TVK арнасы. 

Түркістан тұрғынын жұмысқа бара жатқан жолда өлтіріп кетті
5 ақпан күні Қазығұрт ауданы Маятас ауылының тұрғыны жоғалып кеткенін полицияға туыстары хабарлаған. 1984 жылы туған ер адамды облыстың басқа ауданында өлтіріп кеткені белгілі болды. Оның мәйіті өртенген "Фольксваген Гольф-3" автокөлігінің жүксалғышынан табылған. Көлік марқұмға тиесілі екені анықталды. Қылмыс Түлкібас ауданының Жаскешу ауылына жақын маңда, Құлан өзенінің бойында жасалған.   

6 ақпан күні аталған дерек негізінде ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Инсайдерлік ақпарат бойынша марқұм көлігін сатайын деп жүрген.