Әлем

Қандай азық-түліктің сүт безінің қатерлі ісігіне шалдықтыратыны анықталды

Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, қатерлі ісікке шалдықтыратын азық-түлікті анықтады
Sputnik

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Құрамында аспарагин амин қышқылы аз азық-түлік сүт безінің агрессивті қатерлі ісігіне шалдығу қаупін төмендетеді. Ғалымдардың зерттеу жұмысының қорытындысы Nature журналында жарияланды, деп жазады EurekAlert. 

Ғалымдар өмірді ұзартатын диета туралы айтты

Эксперимент қатерлі ісіктің ең қауіпті түрімен ауыратын тышқандарға жасалған. Ғалымдар олардың тамағына аспарагин амин қышқылына бай азық-түлік қосады. Осыдан кейін обыр жасушалары жылдам өсе бастайды. Ал тышқандарды аспарагины аз диетаға көшіріп, дәрі-дәрмек берген кезде олардың жағдайы жақсарған. 

Кейінгі зерттеулер барысында нақ осы ферменттің алғашқы қатерлі ісік жасушаларында метастаздың пайда болуына ықпал ететіні анықталды. 

Аспарагин сүт өнімдері, қара мал еті, құс еті, балық пен теңіз өнімдерінде көп болады. Сондай-ақ картоп, соя, бұршақ тұқымдастар, жаңғақ және тұқымда бар. Ал жеміс-көкөністе керісінше амин қышқылы аз, сондықтан бұл азық-түлік ең пайдалы болып табылады.