АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. WBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энцо Маккаринелли (41-8, 33 КО) Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) реваншы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канело" үздік боксшыларды тізе бүктіруі мүмкін, алайда Головкинді жеңуі екіталай. Ол GGG-ді кері шегінуге мәжбүрлейтініне сенбеймін, Головкин ол үшін табиғатынан тым мықты, ал оның джебі — жете бағаланбаған "қару". Ол жекпе-жекті өз бақылауында ұстайды деген ойдамын", — деп жазды Маккаринелли твиттерде.
Реванш 5 мамырда өтеді. Головкин — Альварес реваншына 1XBET букмекер кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.55, Альварестің жеңісі— 2.47, тең нәтиже — 21.