Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы Головкиннің жете бағаланбаған "қаруын" атады

© AP Photo / Isaac BrekkenСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның пікірінше, "Канелоның" Головкинді жеңуі екіталай

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. WBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энцо Маккаринелли (41-8, 33 КО) Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) реваншы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz. 

"Канело" үздік боксшыларды тізе бүктіруі мүмкін, алайда Головкинді жеңуі екіталай. Ол GGG-ді кері шегінуге мәжбүрлейтініне сенбеймін, Головкин ол үшін табиғатынан тым мықты, ал оның джебі — жете бағаланбаған "қару". Ол жекпе-жекті өз бақылауында ұстайды деген ойдамын", — деп жазды Маккаринелли твиттерде. 

 Реванш 5 мамырда өтеді.  Головкин — Альварес реваншына 1XBET букмекер кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.55, Альварестің жеңісі— 2.47, тең нәтиже — 21. 


Жаңалықтар
0