АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Бүгін Мәжіліс депутаттары "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Мәулен Әшімбаевпен қоштасып, оған жаңа жауапты қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өз кезегінде Мәулен Әшімбаев көп жыл қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестеріне алғысын білдірді.
"Сіздердей саясаткерлермен, мамандармен жұмыс істеу мен үлкен мәртебе болды. Жұмыс қызықты, екінші жағынан мәжілістегі жұмыс мен үшін үлкен кәсіби мектеп, өмірлік мектеп болды деп айтуыма толық негіз бар. Өз тарапымнан мәжілістің нәтижелі жұмысына өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Енді Елбасы партиядағы лауазымды қызметке тағайындады. Ол мен үшін үлкен жауапкершілік. Елбасының сенімін ақтауға бар күшімді салатын боламын", — деді Әшімбаев.
Айта кетейік, таяуда Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.