АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы орталық кеңсесіне келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент кортежі 17.00-де партия кеңсесіне келді.
Ақорда баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты.
"Нұрсұлтан Назарбаев атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды", — деп хабарлайды Ақорда.