АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Бүгін Қарағанды өңірінің тұрғыны 30 жастағы әйел"кәмелетке толмағандарды террористік ұйымдарға тартты" деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазды centralasian.org.
Тергеу ісінің мәліметі бойынша, сотталушы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымның құрамына кіріп, Сирияға өзімен бірге кәмелетке жасы толмаған туысын алып кетпекші болған.
"ҰҚКД қызметкері бір адамның сеніміне кіруге көндірді. Сол адам үшін менің күйеуім ұсталған. Мен үш қалада комитет қызметкерлерінің бақылауында болдым. Олар менің ізіме түсіп, әлгі адам жөнінде үнемі ескертіп отырды. Осының бәрін тоқтату үшін мен ҰҚКД қызметкерлерінің айтқанын орындап, тәуекелге бардым. Әлгі адам үшін менің отбасым зардап шекті. Мен оны іздеуді жөн көрдім. Менің мақсатым, оны арнайы қызметке тауып беру болды. Бірақ кәмелетке толмаған туысымды алып кетпекші болды дегені жалған. Жалғыз өзімді ұстады", — дейді айыпталушы ақтық сөзінде.
Жансая Т.-ны 2017 жылдың қыркүйек айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ұстаған.