Өңірлер

Қарағандылық әйел Сирияға кәмелетке толмаған туысын ертіп кетпекші болған

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуСотталушылар орындығында отырған әйел, архивтегі фото
Сотталушылар орындығында отырған әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда Сирияға кетпек болған әйел 9 жылға сотталды

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Бүгін Қарағанды өңірінің тұрғыны 30 жастағы әйел"кәмелетке толмағандарды террористік ұйымдарға тартты" деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазды centralasian.org.

Тергеу ісінің мәліметі бойынша, сотталушы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымның құрамына кіріп, Сирияға өзімен бірге кәмелетке жасы толмаған туысын алып кетпекші болған.

сотталушы, архив фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сирияға джихадқа бармақ болған алматылық жігіт сотталды
Қорғау тарапы мен сотталушының өзі сот ісі кезінде көптеген заң бұзушылық болды дейді. Жансая Т. соттан өзін босатуын сұрап, ол тек ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент қызметкерінің (ҰҚКД) нұсқауы бойынша жұмыс істегенін, террористік ұйымға кіру ойында болмағанын айтқан.

"ҰҚКД қызметкері бір адамның сеніміне кіруге көндірді. Сол адам үшін менің күйеуім ұсталған. Мен үш қалада комитет қызметкерлерінің бақылауында болдым. Олар менің ізіме түсіп, әлгі адам жөнінде үнемі ескертіп отырды. Осының бәрін тоқтату үшін мен ҰҚКД қызметкерлерінің айтқанын орындап, тәуекелге бардым. Әлгі адам үшін менің отбасым зардап шекті. Мен оны іздеуді жөн көрдім. Менің мақсатым, оны арнайы қызметке тауып беру болды. Бірақ кәмелетке толмаған туысымды алып кетпекші болды дегені жалған. Жалғыз өзімді ұстады", — дейді айыпталушы ақтық сөзінде.

Жансая Т.-ны 2017 жылдың қыркүйек айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ұстаған.

 

Жаңалықтар
0