АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Жемқорлық үшін сотталған Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Sputnik Қазақстан тілшісіне Мешімбаеваның туыстары хабарлағандай, ол бостандыққа 5 ақпанда шыққан. Агенттіктің бұрынғы басшысы жазасын бес жыл өтеді.
"Ол өз жазасын толық өтеді", — деді телефон арқылы туысы.
Анар Мешімбаева 2014 жылы 14 ақпанда сотталды. Сот экс-шенеунікті бюджет қаражатын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі мәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеді. Сондай-ақ Мешімбаева бес жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі.