Қоғам

Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАнар Мешімбаева
Анар Мешімбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы жазасын толық өтеп, дүйсенбі бостандыққа шықты

АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Жемқорлық үшін сотталған Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Sputnik Қазақстан тілшісіне Мешімбаеваның туыстары хабарлағандай, ол бостандыққа 5 ақпанда шыққан. Агенттіктің бұрынғы басшысы жазасын бес жыл өтеді. 

"Ол өз жазасын толық өтеді", — деді телефон арқылы туысы. 

Анар Мешімбаева 2014 жылы 14 ақпанда сотталды. Сот экс-шенеунікті бюджет қаражатын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мүлкі мәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеді. Сондай-ақ Мешімбаева бес жылға дейін мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан бастап есептеледі. 


Жаңалықтар
0