Өңірлер

Көкшетауда теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз басып кетті

Зардап шегуші сол жерде көз жұмды, қайғылы оқиға пойыздар кестесіне әсер еткен жоқ
Sputnik

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Көкшетау теміржол стансасында 34 жастағы ер адам жүк пойызының астына түсіп, қаза болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  

Астанада қоқыс жинайтын машина баланы басып кетті
Оқиға 3 ақпан күні №6 пикетке жақын маңдағы теміржолда болған.  

ТЖД мәліметінше, №1615 жүк құрамасы жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған 1984 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қайғылы оқиға пойыздар кестесіне әсер еткен жоқ.