Әлем

Сирияда атып түсірілген Су-25 ұшқышы өзін гранатамен жарып жіберген

Ерлікпен қаза тапқан Роман Филипов Ресей батыры атағына ұсынылды
Sputnik

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігінде содырлар атып түсірген Су-25 ұшағы пилотының соңғы минуттары туралы айтып берді, деп жазады РИА Новости.

Сирияда құлатылған ресейлік ұшақтың пилоты ақтық демі қалғанша берілмеген

Ресейлік әскери ұшақты 3 ақпанда Идлиб аймағында атып түсірді. Ұшақты басқарып отырған майор Роман Филипов жараланғанына қарамастан ұшақты көктен жерге түсірмей, басшылыққа шабуылдың астына қалғанын хабарлайды. 

Осыдан кейін ол жер сүзе құлаған ұшақтан әуеде парашютпен секіріп, тап берген лаңкестерге оқ жаудырады. Бірақ қоршауда қалған Филипов өзін гранатамен жарып жібереді. 

Ерлікпен қаза тапқан Майор Роман Филиповты қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей Федерациясының батыры атағына ұсынды.