Әлем

Сирияда атып түсірілген Су-25 ұшқышы өзін гранатамен жарып жіберген

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСу-25, архив суреті
Су-25, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлікпен қаза тапқан Роман Филипов Ресей батыры атағына ұсынылды

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігінде содырлар атып түсірген Су-25 ұшағы пилотының соңғы минуттары туралы айтып берді, деп жазады РИА Новости.

Содырлар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирияда құлатылған ресейлік ұшақтың пилоты ақтық демі қалғанша берілмеген

Ресейлік әскери ұшақты 3 ақпанда Идлиб аймағында атып түсірді. Ұшақты басқарып отырған майор Роман Филипов жараланғанына қарамастан ұшақты көктен жерге түсірмей, басшылыққа шабуылдың астына қалғанын хабарлайды. 

Осыдан кейін ол жер сүзе құлаған ұшақтан әуеде парашютпен секіріп, тап берген лаңкестерге оқ жаудырады. Бірақ қоршауда қалған Филипов өзін гранатамен жарып жібереді. 

Ерлікпен қаза тапқан Майор Роман Филиповты қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей Федерациясының батыры атағына ұсынды. 

 

 


Жаңалықтар
0