Қоғам

Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысында тұман түсіп, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді
Sputnik

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.  

Бұрқасын, қар, көктайғақ: дүйсенбіде ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжауынша, 5-7 ақпан аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.  

5 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.   

5 ақпанда Батыс Қазақстан облысының басым аумағында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.