Қоғам

Бұрқасын, қар, көктайғақ: дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Асем МиржекееваАстанадағы бұрқасын
Астанадағы бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
5 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.  

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады және жел 15-23 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасындатады. 

Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0