Әлем

Сирияда құлатылған ресейлік ұшақтың пилоты ақтық демі қалғанша берілмеген

Ұшқыш парашютпен секіріп үлгергенімен, лаңкестердің қоршауында қалған
Sputnik

АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Сириядағы Идлиб қаласының маңында лаңкестер атып түсірген Су-25 ұшағының пилоты ақтық демі біткенше террористерге қарсы тапаншадан оқ атқан, деп хабарлайды 24.kz

Ресейлік Су-24 Сирияда авиабазадан ұшу кезінде құлады
Оқиға орнынан табылған Стечкин тапаншасындағы оқ саны осыған дәлел. Тұмсықпен жер сүзе құлаған ұшақтан ол әуеде парашютпен секіріп үлгергенімен, бірден лаңкестердің қоршауында қалып, қаза болды.  Бұл ақпарат легін Ресейдің Қорғаныс министрлігі растап отыр. 

Ақпаратқа сәйкес, ұшақты "Хайят Тахрир-аш-Шам" террорлық тобының содырлары атып құлатқан. Бұл топ атышулы "Джебхат-ан-Нусраның" бір тармағы болып табылады.