АСТАНА, 10 қазан— Sputnik. Ресейлік Су-24 бомбалаушы үшағы Сириядағы Хмеймим авиабазасынан ұшып шыққан соң, құлаған. Ұшқыштардың ешқайсысы тірі қалмады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери тапсырманы орындау үшін ұшып шыққан Су-24 ұшағы ұшу-қону алаңынан шыққан сәтте, қайта жерге құлайды.
Ұшақ экипажы босап шыға алмай, мерт болған.
Оқиға болған жерден алынған хабар бойынша, болған жайтқа техникалық ақаулық себеп болуы мүмкін.