Қоғам

Астанада алаяқтар бірнеше қонақ үй мен мейрамхананы алдап кетті

Алаяқтар қымбат ішімдік сатып аламыз деп арам ойларын іске асырған
Sputnik

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Астана ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасы телефон арқылы бірнеше қонақ үй мен мейрамхананы алдап кеткен алаяқтарды іздеп жатыр.

Астанада туристік фирма алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мейрамханалар әкімшілігіне хабарласқан алаяқтар мейрамханадан тыс жерде болатын үлкен отырысқа тапсырыс берген.

Тапсырыс бергенде олар әдейі сирек кездесетін қымбат ішімдіктерді таңдайды, олар мейрамхана ассортиментінде жоқ болса, сатып алуға өтініш білдіріпті. Тапсырысты жеткізерде "клиент" ішімдікті сатып алып қойғанын хабарлайды.

"Адамдардың сеніміне кірген алаяқтар қымбат ішімдікке кеткен қаражатты өздерінің атына аудартып, кейін банкет үшін толығымен бір-ақ төлеуге уәде беріпті. Жәбірленушілер ештеңеден күдіктенбей, бейтаныс жандарға сеніп, Qiwi-әмиянға ақша аударған", — делінген хабарламада.

Қазір полиция алаяқтарды іздеп жатыр.