АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Елордалық "Анмар Тур" фирмасына клиенттерінің ақшасын өз иеліктеріне өткізді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана ішкі істер департаменті жетекшісі Софья Қылышбекова.
Оның ақпаратына сәйкес, полиция бөлімшесіне туристік жолдамаларды ұсыну арқылы, жалған жолмен, тұрғындардың 10 миллионнан аса қаражатын жымқырған «Анмар Тур» ЖШС басшысына қатысты үш шағым түсті.
Туристік фирма жетекшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша ("ірі көлемдегі алаяқтық") сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр
"Анмар Тур" ЖШС басшысының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен өзге тұрғындардан төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 71-66-52, 8 747 456 68 38, 8 702 777 23 03 немесе "102" нөміріне.